×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Олар мені алдай алмайды»: Смайылов министрлердің әлсіз тұсын тапқан тұспалмен сөйледі

05.06.2024, 15:29
«Олар мені алдай алмайды»: Смайылов министрлердің әлсіз тұсын тапқан тұспалмен сөйледі
Коллаж: ulysmedia.kz.

Өзіңіз басқарған Үкіметтің жұмысына палата басшысы ретінде қалай баға бересіз? Қаражаттың дұрыс игерілмегеніне өзіңіз де жауаптымын деп есептемейсіз бе? Қандай да бір кінәні сезінбейсіз бе? Бүгін Мәжіліске келген Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловқа журналистер түрлі сипатта бір сұрақты осылай бірнеше рет қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Смайыловтың жауабы

– Премьер-министр кезімде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері келіп, сол қаражатты сұрады. Қандай негіздемелерге, қандай мақсаттарға сұрағаны маған өте жақсы мәлім. Біз сол бюджет процесінің негізінде тиісті қаражатты нақты мәселелерді шешуге белгілеп, бағдарладық. Іс жүзінде сол қаражат қаншалықты сол мақсаттарға сай, қаншалықты тиімді пайдаланылған – сол мәселе бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жауапты, - дейді Смайылов.

Палата басшысы десе де, заңбұзушылықтар орын алғанын жасырмайды.

– Енді мен Жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы ретінде осы әкімшілеммен кездесіп, аудиторлық жұмыстың негізінде қаншалықты олар мақсатқа сай, қаншалықты тиімді пайдаланғанын көруіме болады. Олар әртүрлі аргумент айта алмайды – өйткені олар мені алдай алмайды. Ақшаны бөлгенде олар маған келіп, нақты мәселелерді айтқан. Керісінше, палата төрағасы ретінде мен осы сұрақты тиімді жүргізуіме барлық мүмкіндігім бар, - дейлі Смайылов.

Аудиторлардың есебі

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов өз ведомствосы жүргізген тексерудің қорытындысын жариялаған еді. Палата басшысы 2023 жылы стратегиялық жоспарлауда үлкен өзгерістер болғанын, Ұлттық жобалардың саны үшке дейін қысқарғанын атап өтеді. Айтуынша, бұл кідіруді күттірмейтін дамудың басым бағыттарына назар аудару үшін жасалып отыр. Яғни, қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қаржылай қамтамасыз ету жеткілікті көлемде болуы қажет.

Смайыловтың сөзінше, 37 жобалау-сметалық құжаттама бірыңғай стандарт бойынша уақытылы әзірленбеген. Осы жылдың сәуір айындағы деректерге сәйкес жобалауға және құрылысын толық аяқтау үшін жасалған 207 шарттың тек 26 жобасына ғана ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы берілген. Іс жүзінде жобалау-сметалық құжаттамасыз объектілердің бірінші қабаттары тұрғызылып, құрылысы басталғандардың жартысының іргетасы қаланған. Сол сияқты «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасында да белгіленген мақсаттардан артта қалу байқалады. 227 нысан бойынша жобалау аяқталмаған. Жыл басындағы жағдай бойынша объектілердің 17%-ы пайдалануға берілмеген.