×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Ресейлік көліктер заң бұзғанда ғана тоқтатылатын болып шешілді

09.11.2021, 16:09
Ресейлік көліктер заң бұзғанда ғана тоқтатылатын болып шешілді
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазақстанға Ресейден көлік әкелген, бірақ әлі тіркеуге қоймаған авто жүргізушілеріне кедергісіз жүріп-тұруға рұқсат етілді деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері ресейлік нөмірлі машиналардың иелерімен кездесу барысында енді оларды жол-көлік ережесін бұзбаса, тәртіп сақшылары себепсіз тоқтатпайтынына сендірді.

«Полиция қызметкері еш себепсіз тоқтататын болса, 102 нөміріне немесе +7(708) 382-13-76, 7172-71-69-77, 7172-67-75-75 нөмірлері арқылы жедел желіге қоңырау шалған жөн», - делінген министрлік мәлімдемесінде.

Еске салсақ, алғашында әлеуметтік желіде тарап, одан кейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 90 мыңға жуық ешқайда тіркеуде жоқ, «ауадағы» көліктер айып тұрағына қойылатынын ресми растаған соң елордада басталған наразылық шарасы ел бойынша жалғасты. Ендігі сәтте құзырлы сәттер мәселенің оңтайлы шешімін табуға ден қоймақ.