×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Мұқтаж отбасыларға азық-түлік көмегін ақшалай беру ұсынылды

16.11.2021, 14:28
Мұқтаж отбасыларға азық-түлік көмегін ақшалай беру ұсынылды

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында атаулы әлеуметтік көмек аясында табысы төмен отбасыларға тағайындалатын азық-түлік көмегін ақшалай беру ұсынылды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Менің ұсынысым кепілдендірілген әлеуметтік топтама жайлы болып отыр. Ондағы азық-түлік құрамында макарон, ұн, май сияқты біркелкі тамақ құрамы барын көреміз. Ал оларды ұсынатын сауда компаниялары мерзімі өтуге таяу өнімдерін өткізуге тырысады. Сұрыптау, жеткізу шығындары бар. Балалар жақсырақ тамақтану үшін әлеуметтік топтаманы монетизациялауды ұсынамын. Осының арқасында отбасылар таңдағанын ала алады», – деді қоғам белсендісі Тәттігүл Жақсыбайқызы.  

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Мұнда 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама табысталады.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.