×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Корпоративтерге рұқсат беріле ме – Цойдың жауабы

23.11.2021, 10:00
Корпоративтерге рұқсат беріле ме – Цойдың жауабы
Фото: Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желтоқсан жақындаған уақытта корпоративтерге рұқсат беріле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мұның бәрі әр өңірге байланысты. Тамақтану орындары немесе концерттердегі адам саны бойынша бәріне белгілі бір талап қойылады. Өңірлердің бас санитар дәрігерлері орындардың санына, өңірлердің қай аймақта (қызыл, жасыл немесе сары) тұрғанына қарай градацияны белгілейді. Әрине, қазір жағдайдың жақсарғанын, індет жұқтыр көрсеткіші төмендеп келе жатқанын көріп отырмыз. Бәріміз де тезірек әлеуметке бейімделгіміз келеді. Алайда коронавирус әлі кеткен жоқ. Еуропа елдерінде қайта локдаун енгізіліп жатыр. Ал Ресейде де ахуал қиын. Яғни біз қазір сақ болуымыз керек. Жазда немесе былтырғы ахуал бізде қайталанып кетпеуін қадағалауымыз керек. Сол себепті қазіргі жағдайды сақтап, тезірек екпе алуымыз керек», - деді Алексей Цой үкіметтің кулуарында.

Министр сонымен қатар вакциналау қарқыны бойынша Қазақстан ТМД елдерінің көш басында тұрғанын мәлім етті.

«Халықтың 42 пайызы екі компонентпен егілді. Бізде ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді», - деді ол.