Сарапшылар ұзақ уақыттан бері көш басында тұрған Мемлекет басшысының басқарушы элита рейтингінде Мәжіліс спикеріне ұзақ уақыттан бері алғашқы орынды бергенін айтады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ofstrategy.kz сарапшылары басқарушы элитаның кезекті рейтингін жариялады. Ол жерде билік өкілдеріне үш критерий бойынша баға беріледі.
Бедел мен тиімділік және келешек көкжиегі тұрғысынан бірден үш саясаткердің көрсеткіші 5 ұпайдан асып тұр: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев (5,46 балл), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов (5,32 балл) және Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлана Нығматулин (5,29 балл).
«Жалпы 2021 жылдың үшінші тоқсанындағы үздік ондық келбеті, Премьер-министрдің ТОП-10 қатарына оралуын қоспағанда, өткен рейтингтен бері өзгере қоймады. Үкімет басшысы белгілі кәсіпкер Болат Өтемұратовты кейінгі ысырды», – дейді рейтингті құрушылар.
Беделдігі тұрғысынан жоғарыдағы үштіктен тыс, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев саптан көрінеді.
Ал тиімділігі жағынан Нұрлан Нығматулин бірінші орынды иеленуде.