×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Халықтан қашпаңыздар». Заитов мемлекеттік органдардың басшыларына шүйлікті

«Халықтан қашпаңыздар». Заитов мемлекеттік органдардың басшыларына шүйлікті
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Заитов мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауға міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

БҰЛ НОРМА ЖӘЙ СӨЗ ЕМЕС

Депутаттың сөзінше бұл норма жәй сөз емес, заң талабы. Оларды бұған ҚР ӘРПК 90-бабының 1-тармағы міндеттейді. Сонымен қатар сот жүйесінің басшылары да «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сай азаматтарды жеке қабылдауы тиіс.

АЛАЙДА ОЛАР ӨЙТПЕЙДІ

«Сонда, жалғыз баласы жаламен сотталған ана, жарының жұмбақ қазасы, жылдап тергелмеген әйел, әскердегі ұлы мүгедек болып қалған әке, кәсібінен заңсыз айырылған кәсіпкер, жалғыз баспанасы алаяқтарға қолды болған отбасы, сот шешімін орындата алмай жүрген жәбірленушілер т.с.с. мыңдаған қорғансыз халық әділдікті қайдан таппақ? Білсеңіздер айтыңыздаршы! Халықтан қашпаңыздар» дейді депутат.

ТАЛАП 

Мұнан соң ол бас прокурор Берік Асыловқа нақты талап қойды.

«Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, Сіздерден аталған лауазымды тұлғалар мен халықтың арасында кедергісіз байланыс орнату жолдарын қарастыруларыңызды және азаматтардың арыздары сырғытпа жауап (отписка) деңгейінде қалмауын қадағалау жүйесімен қамтамасыз етулеріңізді, тіпті болмаса, депутаттардың есігі көрінбейтін кабинеттерге елдің өтінішін жеткізуге мүмкіндік берулеріңізді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Регламентінің 11-тарау 149-тармағына сәйкес талап етемін! Еліміздегі азаматтардың заңды талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін орган ретінде Бас прокуротура тарапынан аталған мәселелерде табандылық танытуларыңызды сұраймыз» деді ол.