Ақтоты Райымқұлованың ведомствосы 15 жылқыны жалға алуға 21 млн теңге бюджет қаражатын жұмсауды жоспарлап отыр. Тиісті лотты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық және Ат спорты түрлері орталығы орналастырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министрлікке жуас, үйретілген асыл тұқымды жарау жылқылар қажет көрінеді. Техникалық сипаттамада қатаң талаптар көрсетілген. Жылқылардың тұқымы: Ағылшын, Араб, Қостанай, Орлов, Ақалтеке асыл тұқымдары болуы шарт.
Сонымен қатар:
Скриншот: goszakup.gov.kz
Жалға алу құнына төмендегі қызметтер де кіреді:
- жылқыларды баптау;
- жылқыларды тамақтандыру;
- ветеринариялық-медициналық қызмет көрсету.
Бір жылқыны айына жалға алу сомасы - 131 621 теңгені құрайды. Лот бойынша байқау 30 қарашада аяқталады.