Ауыл шаруашылығын субсидиялау бойынша 11 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл істер бойынша алдын ала шығын 2,6 млрд теңгеден асады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы Асхат Жұмағали талдау барысында анықталған негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін белгілеп, тергеудің өзекті нәтижелерін атап өтті.
«Оның айтуынша, бүгінде өндірісте 54 іс бар. 22 адам күдікті деп танылып, 16 адамның іс-әрекеті сараланды. Оның 14-і қамауда, екеуі үй қамағында. Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың арасында - 11 лауазымды тұлға бар. 2 адам сотталды», – деді ол.
Саладағы жымқыруды болдырмау үшін цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин субсидиялау процесінің қарапайымдылығын, ашықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шешімдерді ұсынды.