×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Атамқұлов «Қазақстанда жасалған» өнімді арттыратын термин ойлап тапты

30.11.2021, 09:17
Атамқұлов «Қазақстанда жасалған» өнімді арттыратын термин ойлап тапты
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда «жергілікті қамту» термині «ел ішіндегі құндылық» болып өзгертіледі. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасындағы негізгі жаңалықтың бірі осы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бәсекеге қабілетті өнім өндірісін ұлғайту және дамудың шикізаттық моделінен ауысу арқылы өңдеуші өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы әзірленді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заң жобасын ағымдағы жылдың соңына дейін қабылдау қажет», - деді Бейбіт Атамқұлов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министр заң жобасының негізгі жаңалықтарын атады. Айтуынша, ең алдымен, дайын өнімді өткізу және ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру үшін жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық компаниялардың қатысуымен офтейк-келісімшарттар мен офсеттік шарттар пайдаланылады. Екіншіден,  кәсіпорындардың сұранысы бойынша ынталандырудың жаңа құралы – өнеркәсіптік грант әзірленген. Ол қоса қаржыландыру арқылы өндірісті жаңғыртуға беріледі.

«Үшіншіден, заң жобасында ішкі нарықта ілгерілету шаралары көзделген. Бұл бағыттағы негізгі жаңалық - «жергілікті қамту» термині «ел ішіндегі құндылық» болып өзгертілді.  Төртіншіден, бәсекеге қабілетті баға белгілеу және шикізатты толық көлемде жеткізу бойынша, өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету бойынша келісім жасасу жөнінде жұмыс жүргіздік. Бесіншіден, тиімді кәсіпорындарға шоғырландыру үшін қолдау шаралары басым тауарлар тізбесіндегі өндірушілерге ғана көрсетіледі. Тізбе өңдеуші өнеркәсіп салаларын қалыптастыратын орта және жоғары деңгейдегі 4 мыңнан астам тауардан тұрады. Алтыншыдан, бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім жасасу арқылы ынталандыру шараларының кешені көзделген. Бұл кәсіпорындарға өз қызметін орта және ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік береді», - дейді министр.