×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Серпін» бағдарламасы тоқтағалы тұр

02.12.2021, 11:17
«Серпін» бағдарламасы тоқтағалы тұр
Фото: Ашық дереккөзден

Сенатор Нұржан Нұрсипатов «Серпін-2050» бағдарламасының орындалу барысына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Сенат депутаты «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысына алаңдаулы. Депутат премьер-министрдің орынбасарының атына жолдаған депутаттық сауалында аталған мәселе бойынша жағдайды жақсартуға ықпал ететін бірқатар қадамдарды ұсынды.Оның пікірінше, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында 2014-2019 жылдары еліміздің солтүстігінде орналасқан колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірушілердің саны артқан. Алайда өткен жылы жағдай түбегейлі өзгерген.

«Білім және ғылым министрлігі 2014 жылғы «Оңтүстік өңірлерден келген жастар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бойынша бір маманды даярлауға арналған шығындарды есептеу Тәртібін бекіту туралы» бұйрығының күші жоюлуына байланысты әлеуметтік сипаттағы өткір проблема туындап отыр. Бұрын «Серпін» бағдарламасы бойынша студенттер жылы киім сатып алу үшін көтерме құралдармен, оқу орнына бару және кері қайту жолақысы үшін толық көлемде өтемақымен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілсе, енді аталған бұйрықтың күші жойылуына байланысты оңтүстік өңірлерден келген студенттер жалпы негізде қаржыландырылады», - дейді ол.

Осылайша, жеңілдіктің алынып тасталуы оңтүстік өңірден келген түлектердің солтүстік өңірлердегі колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға деген ынтасы жоғалту себептерінің бірі болып отыр. Сондықтан 2020-2021 жылдары жаңа талапкерлерді қабылдау жүзеге асырылмаған.

Осыған байланысты сенатор Нұржан Нұрсипатов стратегиялық маңызы бар бағдарламаға ерекше назар аударуды сұрады және жағдайды жақсарту үшін бірқатар шараларды ұсынды. Олардың ішінде, тиісті бұйрықтың нормаларын қалпына келтіру, диплом алған мамандарды мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету секілді мәселелер бар.