×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Бір облыстың шешімімен Жайықтың жағдайы жақсарып кетпейді - әкім

03.12.2021, 14:19
Бір облыстың шешімімен Жайықтың жағдайы жақсарып кетпейді - әкім
Фото: ulysmedia.kz

Жайық өзенінің тайыздануы еліміздің басты экологиялық мәселесінің біріне айналды. Орал орталығында өзен суының тартылуынан Жайықтың түбі көріне бастаған. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Ulysmedia.kz тілшісінің облыс басшылығы Жайықты сақтап қалу үшін қандай шараларды қолға алып жатыр деген сауалына жауап берді.

Ғали Есқалиев қазір іске асырылып жатқан жобалар мен облыс басшылығының Жайықтағы су деңгейін қалыпқа келтіру үшін жоспарлыған шаралары туралы айтты.

«Бұл жалпы жүйелі шешімдерді қажет ететін трансшекаралық өзен. Бір облыстың шешімімен Жайықтың жағдайы жақсарып кетеді деу мүмкін емес. Біз қабылдауға болатын шараларды қолданып жатырмыз», - деген ол атқарылып жатқан шаралар ретін атап өтті.

«Бұл қайталама тұрғын үйді тазарту, көктемгі су тасқыны кезінде мүмкін болатын табиғи қуаттарды барынша толтыру», – деді БҚО әкімі.

Ғали Есқалиевтің айтуынша, бұл шаралар Жайық маңындағы экожүйені жақсартуға көмектесуі ықтимал.

«Біз қолданыстағы суару жүйесін толтыратын сорғы станциясын салып жатырмыз. Бұл Жайыққа қосымша су бермейді, су өзеннен алынады. Экожүйе Жайық өзені суының эко бассейніне кіреді, жүйедегі су деңгейін ұстап тұруымыз керек».

Бұл ретте облыс басшысы суару жүйесіндегі су деңгейі де біршама төмен екенін, облыс басшылығы ғалымдар мен мамандардың зерттеу нәтижелерін күтіп отырғанын атап өтті.

«Сондай-ақ өте аз су қалды, сондықтан бұл үлкен міндет (арнадағы су деңгейін қалпына келтіру – редактордың ескертпесі). Ғалымдар, сарапшылар айтуы керек және біздің тарапымыздан зерттеулерді тезірек жүргізуін талап ет отырып, істі жылдамдату үшін ұсыныстар айту», – дейді Ғали Есқалиев.

Ғалымдардың болжауынша Оралдағы су деңгейін қанша уақытта қалпына келтіруге болады деген сауалымызға аймақ басшысы «Мен сарапшы емеспін, жауап бере алмаймын», деп қысқа қайырды.

Автор: Сәуле Сәденова