×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Тоқаевтың тапсырмасы мен Сапаровтың сандары

Бүгін, 16:32
Тоқаевтың тапсырмасы мен Сапаровтың сандары
дереккөз

Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТРДІҢ ЕСЕБІ

- аграрлық саланы дамытудың биылғы 9 айдағы қорытындысын баяндады:
- бүгінде егіннің 98 пайызы жиналып, 25,2 миллион тонна астық бастырылған;
- орташа өнімділік әр гектардан 15,5 центнерді құрайды;
- диқандар 1,2 миллион тонна қант қызылшасын жинамақ. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сонымен қатар жем-шөп түрлерін де көптеп жинау жоспарланып отыр;
- егін егу және жинау науқанын қаржыландыру көлемін ұлғайту шаралары қолға алынған. Биыл осы мақсатқа алғаш рет 5 пайыз мөлшерлемемен 580 миллиард теңге бөлінген. Қаржы шаруаларға субсидиясыз, тікелей беріледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп;
- төмен пайызбен берілетін несиені тиімді пайдаланып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін мемлекеттік қолдау тетіктеріне өзгеріс енгізілген;
- биылғы 9 айда 796 мың тоннадан астам ет өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға артық. Сүт өндіру көлемі 4,2 пайызға өсіп, 2,8 миллион тоннаны құраған;
-ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайту және отандық өнімді өткізу нарықтарын кеңейту үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр;
- сүт, ет, күнбағыс, күріш, жүгері және қарақұмық өңдеуді 70 пайызға дейін жеткізу көзделген;
- ведомствоның келесі жылға арналған жоспарын таныстырды:
- егістіктерді жедел әртараптандыру жұмыстары жалғасады. Ол үшін суды көп шығындайтын және бір ғана дақыл түрі егілетін алқаптарды азайтып, көбірек пайда әкелетін өнім түрлерін өсіруге басымдық беріледі.

ТОҚАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.