×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Өзбекстан президентін ұшақтан Тоқаевтың өзі күтіп алды

05.12.2021, 20:08
Фото: Өзбекстан Президентінің сайты

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді деп хабарлайды Ulysmedia.

Оны Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Мәртебелі мейманның құрметіне қарауыл тұрғызылып, мемлекет басшылары қысқаша әңгімелесіп үлгерді.

«Сапардың негізгі іс-шаралары 6 желтоқсанда өтеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени-гуманитарлық алмасуларды кеңейту мәселелері талқыланады. Көшбасшылар өңірлік және халықаралық саясат мәселелері бойынша да пікір алмасады», – деп жазды көрші ел жетекшісінің баспасөз қызметі.

Келіссөздер қорытындысы бойынша 20-дан астам құжатқа қол қою көзделген.

Серіктес жаңалықтары