Оқу-ағарату министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың қауіпсіздігіне қатысты бірқатар өрескел жағдайға, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық, суицид, кісі өлімі және қорқыту фактілеріне түсініктеме берді. Қабылданған шараларға қарамастан, министр өз ведомствосының жұмысында кемшін тұстар барын мойындады, сондай-ақ қоғам өкілдері мен ата-аналарды осы мәселелерді шешуге белсенді қатысуға шақырды. Ол өзін үкіметте аутсайдер деп санай ма деген сұрақты Бейсембаев жауапсыз қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АУТСАЙДЕРСІЗ БЕ, ЖОҚ ПА
Ulysmedia.kz тілшісі министрден өзін үкіметте аутсайдер деп санай ма деп сұраған. Біз тікелей жауап алған жоқпыз, өйткені Бейсембаев бұл сұрақтан айналып өтуді жөн көрді.
Кез келген басшының бірінші міндеті – сеніп тапсырылған саланың міндеттерін орындау. Біз міндетті 100% орындауға баса назар аударамыз. Сіздер оқу-ағарту министрлігі саласындағы белгілі бір көрсеткіштерді, үлкен ілгерілеулерді көріп отырған шығарсыздар. Әрине, бұл саладағы міндеттер мен сұрақтар болды және бола да береді, оларды үнемі импульсте ұстау керек, шешу керек. Мен алдыма қойылған міндеттерді тез әрі сапалы орындауға көбірек көңіл бөлемін, - деді ол.
ЖАУАПКЕРШІЛІК КІМДЕ
Мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне қатысты бірқатар өрескел жағдайларды, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық, суицид, оқушылардың өлімі және қорқыту фактілерін ескере отырып, Ulysmedia.kz Бейсембаевтан бұл үшін кім жауап беруі керек деп сұраған. Өзінің жеке жауапкершілігін де сезіне ме деп сауал қойған
Әрине, кез-келген ересек адам сияқты, оның ішінде қарапайым азамат ретінде мен де осындай жағдайларға алаңдаймын. Бұл бағытта көп іс-шара жасалды. Мектептердің 100% жуығы білім беру ұйымдарында қауіпсіз жабдықтармен қамтамасыз етілген: камералар мен дабыл түймелері бар. 2024 жылы алғаш рет 7 заңнамалық акт қабылданды, оның ішінде балалардың құқығын қорғау жөніндегі үш заң бар. Бұрын мұндай ешқашан болмаған. Тек балаларды қорғау бойынша көп түзетулер, заңнамалық актілер қабылданды. Соған қарамастан, министрлік жүзеге асыратын шаралар және біздің мұғалімдер жүргізетін жұмыс сіз айтып отырғандай жеткіліксіз, – деді ол.
МИНИСТР НЕ ҰСЫНАДЫ
Балаларды қорғау үшін Бейсембаев бүкіл қоғамға, оның ішінде ата-аналарға ортақ іске "қосылу" қажеттігін айтты.
Біз бұған ата-ана немесе біреу жауапты деп айтпаймыз. Біздің педагогтар біреуді кінәлі етіп, шетте отырған жоқ. Біз әр мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үйрету үшін ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын аштық. Алғашқы қадамдарды – алғашқы нәтижелерді көріп отырмыз. Қазір кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс азайып келеді. Бұл жұмысты одан әрі күшейту керек, - деді ол.
ТАМАРА ДҮЙСЕНОВАНЫҢ ПІКІРІ
Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мектептерге фин бағдарламасы енгізіліп, ол бойынша ақпан айында қазақстандықтар өрескел және қайғылы жағдайлардың себептерін біле алатынын айтады.
Иә, қорқыту, суицидке қатысты қоғамда өзекті мәселе бар. Бізде жобалық кеңсе құрылды. Төрт мемлекеттік органның төрт вице-министрі төрт топты басқарады. Біз еліміз бойынша 200 мектепті алдық, онда осы мәселелер өзекті болып, фин бағдарламасын енгізе бастадық. Ұлттық, халықаралық институттардың психологтары тартылды. Ақпан айының соңында біз сізге не істеп жатқанымызды, қандай нәтижелер барын, негізгі себептерін ұсына аламыз. Бұл өте үлкен әңгіме, үлкен тақырып, - деп уәде берді ол.