×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Апыр-топыр құлау, жарақат: автобустың жолын кеспеңіз

Фото: бейнежазбадан көшірме

Астаналық қоғамдық көлік компаниясы көлік жүргізушілерінің оқыстан автобустың жолын кескенде ішінде не болатынын көрсетті деп хабарлайды Ulysmedia.kz

«Жол қозғалысының басқа қатысушылары қоғамдық көлікті өткізіп жібермей, жолды кесу кездері жиі кездеседі. Осындайдай әрекеттер ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыздар. Мұндай жағдайларда автобус жүргізушісі ауыр зардаптардың алдын алу үшін (ЖКО-ға түсу) жедел тежеуді қолдануға мәжбүр. Салдарында, бұл автобус салонындағы жолаушылардың құлап кетуіне және әртүрлі ауыр жарақаттар алуына әкеледі», - деп шағымданды елордадағы қоғамдық көлік жүйесіне жауапты CTS компаниясы.

Осылайша 2021 жылдың басынан бері жол қозғалысының басқа қатысушыларының кінәсінен қоғамдық көліктің қатысуымен болған, 30 жолаушы зардап шеккен жол-көлік оқиғаларының 394 дерегі тіркеліп отыр. 

«Құрметті жүргізушілер! Сіздерден жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды және жолдарда қоғамдық көлікті өткізуді сұраймыз. Өздеріңіз білетіндей, бір автобуста 70-80 жолаушыға дейін болады», – деп өтінді өз парақшасында компания.

Серіктес жаңалықтары