×
498.69
522.23
5.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.69
522.23
5.79

Қазақстанда заңдар қашан қазақ тілінде жазылады

Бүгін, 11:02
Қазақстанда заңдар қашан қазақ тілінде жазылады
Ulysmedia коллажы

Ulysmedia.kz бұл сұрақты әділет министрі Ермек Сәрсембаевқа қойды.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Сіздің алдыңыздағы министр былтыр тек екі заң жобасы қазақ тілінде түсіп, жазылып жатқанын айтқан-тын. Бір қарасақ, нонсенс. Қазақстандағы заңдар түпнұсқада қазақ тілінде жазылуы үшін не істелуі керек? Қалай ойлайсыз? – деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі министрден.

Бұл сұраққа жауап берген министр қазір платформаларды қолдана отырып, цифрландыруға баса мән берілуі керектігін айтты. Оның сөзінше, көмекші чат-боттардың бәрі де екі тілде дайындалған.

Егер қажеттілік туындап жатса, қай тілде көбінесе сұрау болады, сол тілде заң жобасы әзірленеді. Ол бағытта қандай да бір қиындықтар болып жатқанын көрген емеспін. Қазір ондай мүмкіндік бар. Қажеттілігі бар болса, қай тілде азамат ерекше сөйлейді, сол тілде заң жобасы әзірленеді, – дейді ол.

Ерлан Сәрсембаевтің сөзінше, Конституцияға сай заң жобасы құжат жүзінде екі тілде әділет министрлігіне түсетінін айтады. Талап сондай. 

Сондықтан, бізге келіп жатқан заң жобалары екі тілде әзірленеді. Сараптама жасаған кезде азамат қай тілде еркін сөйлейді, сол тілде сараптаманы жүргіземіз. Осындай талап қоямыз деген ойда жоқ. Қай тілде әзірленеді, сол тілде қолдана береді. Ешқандай проблема жоқ, – деді ол.

“Қазақ тілінде жазылсын” деген талап болмай ма деген сұраққа министр “қазір екі тілде әзірлеу талабы барын, мемлекет екі тілде заң жобаларын әзірлейтінін” айтты.

ТЕК ЕКІ ТІЛДЕ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН

Былтыр әділет министрі болған Азамат Есқараев әділет министрлігінде тек екі заң қазақ тілінде жазылғанын хабарлаған еді. 

Қазақстанда орыс тілінде жазылып, мемлекеттік тілге аударылатын заңдар қатеге толы. Осыдан бес жыл бұрын сенатор болған Мұрат Бақтиярұлы осы мәселені көтерген еді. Оның айтуынша, көрші Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде заң өз мемлекеттік тілдерінде қабылданады. Мәселен, Өзбекстан тәуелсіздік алғалы 4-5 заң ғана орыс тілінде қабылданған. Ал Қазақстанда әлі күнге дейін заңдар ресми орыс тілінде қабылданып, сосын қазақшаға аударады. Аударма сапасыз болғандықтан, түсінбеушілік туындайды.