×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Лимиттен асып кетті. Тәуелсіздік алғалы сыртқы қарыз мөлшері қалай өзгерді

22.09.2021, 13:29
Лимиттен асып кетті. Тәуелсіздік алғалы сыртқы қарыз мөлшері қалай өзгерді
Коллаж: ulysmedia.kz.

Сыртқы қарыз – елдің әл-ауқаты мен байлығының бір көрінісі іспеттес. Егер мемлекет орасан зор қарызын жауып, пайыздарын төлеп жатса, бұл фактор айналып келіп халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Осы ретте Ulysmedia.kz порталы Қазақстанның сыртқы қарызы тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінге дейін қалай өзгергенін зерттеп көрді.

Жалпы елдің байлығы әртүрлі фактормен айқындалады. Оны өлшеп білу үшін жұмыссыздық деңгейін, халықтың табысын, ЖІӨ, инфляция көрсеткіші мен әлбетте сыртқы қарызды есепке алу керек.

СЫРТҚЫ ҚАРЫЗ ДЕГЕН НЕ?

Сыртқы қарыздың не екенін, оның күнделікті өмірге қалай ықпал ететініне күнделікті өмірде екінің бірі мән бермейді.

Сыртқы қарыз – сыртқы кредиторлардың алдындағы мемлекеттің міндеттемесі. Яғни бұл – сыртқы қарыздар мен олар бойынша төленбеген пайыздарды есептегендегі мемлекеттің жалпы сыртқы берешегі.

Сыртқы қарыздың мөлшері өсіп кетсе, бұл жағдай мемлекеттің халықаралық абыройына нұқсан келтіріп, шет елдерден тағы қарыз алу ісіне кедергі келтіруі мүмкін. Орасан зор сыртқы қарыздың жағымсыз салдары мемлекетті заңнамалық түрде белгілі бір лимитті бекітуге итермелейді. Сонымен қатар сыртқы қарыздың келешек ұрпақтың алдына да «сыбаға» болып тартылатыны бар.

Аналитиктердің сандарына қарасақ, Қазақстанның сыртқы қарызы жыл сайын өсіп барады.

КСРО ҚАРЫЗЫ

Кеңес одағы ыдырамас бұрын оның қарызы 110 млрд АҚШ долларына жеткен. Оны өтеу міндетін толығымен сол одақтың мұрагері – Ресей Федерациясы мойнына алды. Есесіне республикалар өзіне тиесілі активтерден бас тартты.

1991 жылы тәуелсіздік алған Қазақстан өзінің қаржылық тарихын өз еркімен жаза бастады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫ

Еліміздің сыртқы қарызы туралы сөз қозғағанда біз 1991 жылдан бері жиналған соманы есептейміз.

Тоқсаныншы жылдары біздің ел посткеңестік елдермен қатар дағдарысқа тап болып, жаңадан қарыз ала бастады. Алғашқы жылдары Қазақстанның қалыптасу жолы өте күрделі болды.

1991 жылы Қазақстандағы инфляция 147,12% рекордтық көрсеткіште еді. Ал 1996 жылы бұл көрсеткіш 28,89%, 1997 жылы 1,88% түсті. 1997 жыл – 1997-1998 жылдардағы дағдарыс алдындағы аздаған саябыр кезеңі болатын.

1993 жылы Қазақстан рубль аумағынан шығып, өзінің төл теңгесіне қол жеткізді.

1993 – 1997 жылдары доллар курсы 5,25 теңгеден бірден 75,44 теңгеге өсті.

1998 жылдың соңында сыртқы қарыз 347 млрд теңге болатын. Ал мемлекет кепілдендірген сыртқы қарыздың көлемі 75,4 млрд теңге болған. Мемлекеттің ішкі қарызы 72 млрд теңгеге шықты.

Бұл қаражаттың бәрі де экономиканы реформалауға, төлем балансы бойынша дефицитті жабуға жұмсалды. Тиісінше, жалпы сыртқы қарыз көлемі ұдайы өсіп, 1997 жылғы дағдарыстан кейін бірден 7,893 млрд долларға өсіп шыға келді.

Осы аралықта елдегі экономиканы аяқтан тік тұрғызу үшін «Елді саяси және экономикалық дамытудың саяси және экономикалық стратегиясы» қабылданды.

Елде жаппай жекешелендіру басталып кетті. Қазақстан белсенді түрде шетелдік инвестицияларды тарта бастады. Нарықтық экономика қалыптасудың басы еді бұл.

ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС

2008 жылы 15 қыркүйекте АҚШ-тың Lehman Brothers ірі инвестициялық банкі банкротқа ұшырағаны туралы сотқа арыз түсірді.

2009 жылы әлемдік ЖІӨ Екінші дүниежүзілік соғыстан бері тұңғыш рет төмендеді. Әлем елдері секілді Қазақстан да күрделі экономикалық ахуалға түсті. Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы 2007 жылдың соңына қарай 96,4 млрд долларды құрады. Ал дағдарыс аяқталған 2010 жылы тағы 14 млрд долларға өсіп, жалпы 110,7 млрд долларға жетті.

Ел экономикасын қолдау үшін елде «2009-2010 жылдары экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі жоспары» әзірленді.

Қазақстанды Ресейге қарсы санкцияларды күшеюуі мен осы елдің Еуропа елдері, АҚШ-пен геосаяси қақтығыстары әсер етпей қойған жоқ. 2013 жылы инфляция 4,8% өссе, 2015 жылы тіпті 13,6% дейін көтерілді. Қазақстанға тағы да сырттан қарыз алуға тура келді.

Дағдарыс басталмай тұрып, 2013 жылы жалпы сыртқы қарыз көлемі 136,9 млрд долларға жетті. 2014 жылдың ақпанында Қайрат Келімбетовтың басшылығындағы Ұлттық банк теңгені қолдаудан бас тартты. Қазақстанда осылайша девальвацияның үшінші толқыны басталды. 2015 жылы бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімов Ұлттық банк пен үкімет валюталық дәлізді алып тастау туралы шешім қабылдап, теңгені еркін айналымға жібергенін жариялады. 2015 жылдың 20 тамызында Қазақстан қор биржасында теңге 1 долларға шаққанда 188 теңгеден 255,26 теңгеге дейін құлдырады.

Ақыры тауарлардың бағасы шарықтап шыға келді де, халықтың сатып алу қабілеті төмендеп кетті. Осының салдарынан Қазақстанның сыртқы қарызы 2015 жылы бірден 20 млрд долларға артып, жалпы 157,6 млрд долларға жетті.

+ПАНДЕМИЯ

Әлемдік пандемия да сыртқы қарызға ықпал етпей қалған жоқ. 2019 жылы сыртқы қарыз көлемі 157,6 млрд доллар болса, 2021 жылы миллиардтаған қаражат ел ішіндегі халық пен бизнесті қолдауға да, көршілес елдерге көмектесуге жұмсалып жатты. Мәселен, ақпанда Қытайда CОVID-19 эпидемиясы өршіген кезде Қазақстан билігі Қытайға алғашқылардың бірі болып серіктестік көмегін көрсетті, медициналық қорғаныс құралдарының бірнеше партиясын жолдады.

Сонымен қатар Қазақстан Қырғызстан мен Тәжікстанға жалпы сомасы 1,572 млн теңгелік 5 тонналық қазақстандық ұн ретінде гуманитарлық көмек көрсетті. Жалпы сомада Қазақстан пандемияға қарсы күрес 5 млн доллар бөлді.

2021 жылы Қазақстанның сыртқы қарызы 163,3 млрд долларға жетті.

СЫРТҚЫ ҚАРЫЗ ЛИМИТТЕН АСЫП КЕТТІ 

Қаржылық сарапшы Расул Рысмамбетов Қазақстан экономикасы қазіргі таңда жол айрықта тұрғанын, себебі ары қарай не істеу керектігін білмей, бұрынғы әдет бойынша мұнай өндіріп жатқанымызды айтады.

«Толыққанды тірлігімізді артып қоятындай мұнай соншалықты бізде көп емес. Сондай-ақ мемлекет үкімет кепілдендіретін сыртқы және мемлекеттік қарыздарды біршама жинап алды. Оған тағы квазимемлекеттік компанияларды тағы қосыңыз, себебі оларда халықаралық облигациялар бар. Халықаралық нарықтар үкіметтің квазимемлекеттік компанияларының міндеттемелері үшін жауап береді деп күтеді. Біз экономиканы бұдан ары қалай қолдауымыз керек деген таңдаудың алдында тұрмыз: қаражатты немесе БЖЗҚ-дан немесе ұлттық қордан алады, болмаса ішкі және сыртқы қарызға жүгінеді. Меніңше, үкімет айналып келіп, оңай жолмен ұлттық қорға қол жаятын секілді. Сол себепті сыртқы қарыз айтарлықтай өседі деп айта алмаймын. Алайда ұлттық қордың шығынының артуы біздің қорды тауыса ма деген қауіп бар, сол үшін тиімділігін арттыру жұмысын жалғастыру керек», - дейді сарапшы.

Осылайша, Қазақстанның сыртқы қарызы бүгінгі таңда 163,3 млрд долларды құрап отыр. Өкініштісі, осы жылдың маусымында Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова Қазақстанның мемлекеттік қарызы жалпы ішкі өніммен есептегенде 27%-дық лимиттен асып, 29,4% жеткенін мәлімдеген еді. 2014 жылы бұл көрсеткіш 22% болған. Бұл ретте әкімдіктердің қарызы бес есе өсіп, 1,1 трлн теңгеге жетіп отыр. Оларға берілген максималды шек 1,6 трлн теңге болғанымен, мәселе реттелмесе, бұл «қарқынмен» ол шектен де асып түсерлік күн алыс емес секілді.