Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Даму банкі таңдаулылардың жеке банкіне айналғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады.
«Қазақстанның Даму банкі шынтуайтында белгілі бір топтың жеке банкіне айналып кетті. Біз олардың фамилияларын да білеміз», – деді Тоқаев
«Қазақстанның Даму банкі» АҚ 2000 жылғы 28 желтоқсанның Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев №531 «Қазақстан Даму Банкі туралы» Жарлығымен құрылған.
Банктің миссиясы:
- Еліміздегі шикізаттық емес секторларға инвестицияларды жүзеге асыру арқылы ұлттық экономикамыздың тұрақты дамуына үлесімізді қосу.
- Банктің көрінісі:
- ҚР Үкіметіне және жеке секторға арналған ірі инфрақұрылымдық және индустриалдық жобаларды бағалау және құрылымдау бойынша еліміздің озық операторы;
- өнеркәсіп және инфрақұрылым саласындағы жобалардың уақытылы және жеткілікті дәрежеде қаржыландырылуын қамтамасыз ететін мамандандырылған мемлекеттік даму институты;
- ұлттық валютамен ең жақсы қаржыландыруды ұсыну бойынша қаржы институты;
- халықаралық нарықта беделге ие болған, активтер көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі қаржы институттарының бірі;
- корпоративтік клиенттерге арналған ұзақ мерзімді және қымбат емес алыс-берістер мен инвестициялар тарту бойынша басты агент.
Мақсаты:
- мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру мен арттыру;
- өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту;
- елдің экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға көмектесу.