×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тоқаев жауапсыз шенеуніктермен қоштасу керектігін айтты

11.01.2022, 11:04
Тоқаев жауапсыз шенеуніктермен қоштасу керектігін айтты
Фото: Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапсыз шенеуніктермен қоштасу керектігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша баяндама кезінде мемлекеттік функциялар туралы сөз қозғады.

«Жауапсыз шенеуніктер кабинеттер жылдар бойы отыр. Олар жастардың өсуіне кедергі келтіреді. Ондайлармен қоштасу керек. Шенеуніктердің бәрін жұмыстан шығарып, жастарды алу керек деген сөз емес. Егер адам 60-та болса да инстиуционалдық ойы болса, оны жұмыстан шығармау керек», - деді Тоқаев.

Ол мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға өтетін болса, мемлекеттік аппараттардың да саны қысқаратынын жеткізді.

«Жаппай бюрократия мемлекеттік аппаратты селқос әрі пайдасыз етіп көрсетеді. Сол себепті ол аурудан айығу керек», - деді Президент.