×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Экс-министр жүктелген міндетті лайықты атқардым деп санайды

12.01.2022, 13:33
Экс-министр жүктелген міндетті лайықты атқардым деп санайды
Фото: ашық дереккөзден

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әлеуметтік желідегі парақшасында қызметтен кеткеннен кейінгі қоштасу жазбасын қалдырып, аталған лауазымда өткізген мерзімін «қызығы мен шыжығы қатар келген» деп атады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Құрметті достар, әріптестер! Мәдениет және спорт министрі лауазымындағы қызығы мен шыжығы қатар келген 2,5 жыл көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәтте өте шықты. Осы уақыт аралығында жүктелген міндеттерді адал әрі лайықты деңгейде атқара алдық деп айта аламын», – дейді ол.
Экс-министр отандық мәдениет, спорт, архив және туризм салаларындағы бірге қызмет еткен барша әріптестеріне алғысын білдірді.
 
«Алдағы уақытта іргелі еліміз қай салада да алдыңғы шептен көрініп, көркейіп, дами берсін! Лайым аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деп тілегін жеткізді қазір креслодан ажыраған шенеунік.
Әкесі жазушы, жалпы өзі шығармашылық ортада өскен музыка маманы Ақтота Райымқұлова соңғы кезде Токио олимпиадасында қазақстандық спортшылардың сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты жиі сыналып, «Барыс» хоккей клубын ұлттық құрамамен шатастырған кезі де болды.
 
Еске сала кетсек, жаңа мәдениет және спорт министрі болып Дәурен Абаев тағайындалды.