×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП палатасы басшысы қызметінен кетті

17.01.2022, 08:15
Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП палатасы басшысы қызметінен кетті
Фото: Ашық дереккөзден

Тимур Құлыбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы қызметінен кетті. Ол бұл қызметті 8 жыл бойы атқарды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ҰКП мүшелеріне арнаған үндеуінде Құлыбаев 17 қаңтарда қызметінен кететінін айтты.

«Бүгіннен бастап мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайланған төралқа төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Съезд делегаттары мен президиум мүшелеріне маған көрсетілген сенім үшін алғыс айтамын», - деді Құлыбаев мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, Тимур Құлыбаев ҰКП қызметінің нәтижелеріне тоқталып, палатаның таяу болашақтағы міндеттеріне тоқталды.

«Мемлекет басшысы 2022 жылдың 11 қаңтарында өз сөзінде «Атамекен» мен бизнес қауымдастығы үшін басым бағыттарды белгілеп берді. Халықтың кірісін арттыру бағдарламасын әзірлеу, импортқа тәуелділікті азайту, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту және т.б бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру қажет.Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары ҰКП-ның сөзсіз басымдықтарында болады», - деді Құлыбаев.

Тимур Құлыбаев 1966 жылы 10 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. 1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. М.В. Сол жылы еңбек жолын Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және реттеу ғылыми-зерттеу экономикалық институтында бастады.

Осы жылдары Қазақстанның мәдени-әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қорының ғылыми-консультациялық орталығының директоры, «Алтын-Алма» концернінің басшысы, Алматы сауда-қаржы банкінің бақылау кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

«ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» ЖАҚ президенті қызметін атқарды, Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы болды.