×
541.93
636.71
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.93
636.71
6.83

Бағанашылдағы даудан кейін шенеуніктер отставкаға кете ме

24.07.2025, 11:20
Бағанашылдағы даудан кейін шенеуніктер отставкаға кете ме
Видео кадры

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Бағанашылдағы жағдайдан кейін шенеуніктердің отставкаға кетуі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Көшербаев бұл жайттан кейін шенеуніктерді отставкаға жіберу не жібермеу оның құзыретіне жатпайтынын айтты. 

- Бұл мәселені шешетін және шешім қабылдайтын адамдар бар, – деп қысқа қайырды. 

Ермек Көшербаев бұл жайтқа байланысты комиссия құрылғанын атап өтті. 

- Тексергеннен кейін нәтижесін қараймыз. Өзіңіз де байқадыңыз ғой, мен Алакөл, Балқаштағы су жағасындағы демалыс орындарының бәрін тексеріп шықтым. Бір күннің ішінде есеп бермедім. Бәрін қарастырып қана үкімет басшысына есеп бердім. Соған сай бәріне сөгіс берілді. Жағдайды жақсарту үшін мерзім берілді. Егер тиісті шара қолданбаса орнынан босату деген мәселе қарастырылады, – дейді Ермек Көшербаев. 

ЗЕРТТЕУ

Бұған дейін  Ulysmedia.kz Бағанашылдағы күмәнді істің артында кімдер тұрғанын анықтауға тырысқан болатын. 

Серіктес жаңалықтары