Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Амангелдіұлы Жақан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Ол 1965 жылы 7 қаңтарда Алматы қаласында туған.
1982 жылдан -Апматы халық шаруашылығы институтының студенті.
1987 жылдан - Көкшетау облыстық мұнайөніммемком басқармасының Қызыл ту аудандық мұнай базасы бас бухгалтерінің тәжірибеден өтушісі.
1988 жылдан - Қазтұткеңес Республикалық есептеу орталығының есептеуіш техникасын еңгізу Бөлімінің экономист-инженері (Алматы қаласы).
1991 жылдан - «Қазкоопиақпарат көмек» кіші еңгізушілік кәсіпорынының директоры (Апматы қ.).
1992 жылдан - ҚР қаржы Министрлігі жанындағы қаржы-валюталық бақы- лау Комитетінің басқарма бас бақылаушы-ревизоры (Алматы қ.).
1996 жылдан - ҚР СІМ Валюта-қаржылық департаменті бас маманы, валюталық операциялар бөлімінің бастығы, 2001 жылдан - директорының орынбасары.
2007 жылдың шілде айынан - ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 жылдың қазан айынан - ҚР Парламент Сенатының Аппараты жетекшісінің орынбасары.
2010 жылдың шілде айынан бері - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг белімінің меңгерушісі.