Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды, деп хабарлайлы ulysmedia.kz.
Еске сала кетсек, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қызметінен босатылылуы туралы петицияға қол жиналған болатын. Алматы қаласының тұрғындары Бақытжан Сағынтаев өмірлеріндегі ең қиын сынақ – жаппай тәртіпсіздік кезінде халыққа қолдау көрсете алмағаны үшін наразы болған.
«Бақытжан Сағынтаев қала үшін қиын күндерде тұрғындарға моральдық та, физикалық тұрғыда да қолдау көрсетпеді. Ол алматылықтарға үндеумен эфирге шыққан жоқ. Біз оны 8 қаңтарға дейін қоғамдық алаңда көрмедік. 4 қаңтардан бері лаңкестерқалаға шабуыл жасаған кезде ол төбесін де көрсеткен жоқ.
Еліміздегі ең ірі мегаполистің әкімі 4 күн бойы халықтан жасырынып қалды. Қазіргі қала әкімінің әрекеті мен әрекетсіздігіне ренжігеніміз жүйелі сипатқа ие. Сағынтаев мырза ең қиын сәттерде өзін көшбасшы ретінде көрсете алмады деп санаймыз», – деп жазылған құжатта.
Ал қазіргі уақытта Алматы қаласының әкімі лауазымына Ерболат Досаев тағайындалды.