Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары лауазымындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды.
Сондай-ақ, бұдан бұрын Мемлекет басшысы партияны өзгерту керектігін атап өтіп, партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымы қажет еместігін айтқан болатын.