Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінде жарияланған Ұлттық экономика министрінің тиісті бұйрығының жаңа редакциясына сәйкес, енді жаппай тәртіпсіздіктен зардап шеккен жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардан 2022 жылғы 5 қаңтардан 30 маусымға дейін жылжымайтын мүлік объектісін жалға алғаны үшін жалдау ақысы алынбайды.
Құжатта мүлікті жалға алғаны үшін жалдау ақысынан босату негізгі шартқа қосымша келісім жасау арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген. Бұйрық 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.