×
540.06
628.25
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.06
628.25
6.61

Тоқаев Газа секторына қатысты келісімді қолдады

Бүгін, 08:51
Тоқаев Газа секторына қатысты келісімді қолдады
Фото: AFP

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер нәтижесінде Газа секторында атысты тоқтату және тұтқындарды босату туралы қол жеткізілген келісімді қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайды. Мемлекет басшысы Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметі табысты болғанын, сондай-ақ Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге Президент Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапының ерекше үлес қосқанын атап өтті, деп жазды Руслан Желдібай. 

КОНТЕКСТ

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Израиль мен ХАМАС АҚШ ұсынған бейбіт жоспардың алғашқы кезеңіне қол қойғанын жазды. Бұл барлық тұтқындардың таяу уақытта босатылатынын және Израильдің өз әскерін келісілген шептерге шығаратынын білдіреді.
Трамп 12 қазанға дейін Таяу Шығысқа ұшып барып, келісімге қол қою рәсіміне қатысуға дайын екенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары