Екінші ақпанда Қанат Шарлапаев "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің басшысы болып тағайындалды. Оның әкесі Бисімбай Шарлапаев пара алғаны үшін сотталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бисімбай Шарлапаев Саратов облысы Маркс ауданы жиналысының депутаты, "Сысоевский" ЖШС Бас директоры (2017 жылдың ақпанына дейін) болған. 2016 жылдың қараша айында ол өңірлік ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Алексей Гришановқа 100 мың рубль пара бергені үшін сотталып, 2 жыл сынақ мерзімімен, 1 миллион рубль айыппұлмен 2 жылға шартты түрде сотталды. Сонымен қатар, бір айдан кейін онымен мүдделес кәсіпорынға да осындай мөлшерде айыппұл салынды.
Фото: Бисімбай Шарлапаев
Сыйақы кәсіпорынның асыл тұқымды мал шаруашылығы және шаруашылықтың эпизоотиялық салауаттылығы бойынша белгілі бір ұйымдарға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы өңірлік ауыл шаруашылығы министрлігінің Сараптама комиссиясының қорытындысын заңсыз алғаны үшін берілген.
Сол жылдың желтоқсан айында "Сысоевский" ЖШС-ға тиесілі елуден астам асыл тұқымды сиыр қырылған. Ол кезде мал тоғанға суаруға шығарылған. Нәтижесінде сиырлар мұз астына түсіп кеткен. Куәгерлердің сөзінше, мал ұзақ уақыт су ішпеген болуы мүмкін, сондықтан бүкіл табын жапатармағай суға ұмтылған. "Сысоевский" ЖШС асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алуға ниеттенген көрінеді. Азаматтардың пікірінше, жергілікті билік малдың жаппай қырылу фактісін облыс басшылығынан жасыруы мүмкін.
«Әрине, балалар ата-анасының ісі үшін жауап бермейді. Бірақ мұндай дақпен бізде жоғары лауазым тұрмақ учаскелік қызметке қабылдамайды. Шарлапаев арнайы тексеруден қалай өтіп кеткен? Этикалық мәселелерге көз жұма қарайтындай бұл соншалықты ғұлама экономист па еді?» - дейді адвокат Джохар Өтебеков.