×
525.28
607.85
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.28
607.85
6.47

Тоқаев пен Путин 2,5 сағаттан аса бейресми кездесуде не айтты?

Бүгін, 09:18
Тоқаев пен Путин 2,5 сағаттан аса бейресми кездесуде не айтты?
Фото: Ақорда

11 қарашада Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастық стратегиялық серіктестік, одақтастық қатынастар сипатына ие екенін айтты. 

– Барлық бағытта бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Мемлекеттеріміз арасында ешқандай түйткіл жоқ. Мәселе туындаған күннің өзінде президенттер мен үкіметтер басшыларының күш-жігері арқасында оң шешімін табады. Сіздің шақыруыңызды зор ықыласпен қабыл алдым. Расында, бүгін бейресми жағдайда пікір алмасамыз. Менің өзіңізбен талқылағым келетін біраз пікір-пайымым бар. 

ПУТИН НЕ ДЕЙДІ?

Путин Тоқаевпен ұдайы байланыста екенін атап өтті. 

– Алайда мемлекетаралық қатынастарда мұндай протоколдық дүниелер де маңызды. Бүгін бейресми жағдайда кездесіп, барлық өзекті мәселе бойынша әңгімелесеміз. Ал ертең әріптестермен бірге екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін қарастырамыз және перспективті бағыттарға назар аударамыз. Жалпы алғанда, біз осы жылды өте жақсы нәтижелермен аяқтаймыз, сондай-ақ таяу келешекке арналған жоспарды орындаймыз деп ойлаймын.

Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Кремльде 2,5 сағаттан аса уақыт бейресми жағдайда емен-жарқын әңгімелескен. 

Серіктес жаңалықтары