Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы бес күнге жоспарын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
14 қараша күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады. Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.
ТАШКЕНТКЕ САПАР
14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады.
Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.
16 ҚАРАША
16 қарашада Президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады.
17-19 ҚАРАША
Бұл күндері Астанаға Эстония Президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді.
Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды.