×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

G-Park құрылыс компаниясының қожайыны көпбалалы аналарды неге балағаттады

11.02.2022, 12:35
Фото: ашық дереккөзден

Елордада мәслихат депутаты әрі G-Park  құрылыс компаниясының иесі Ғабит Сатмағамбетов әкімдікке кіре берісте көпбалалы аналармен жанжалдасып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz оның Facebook-ке сілтеме жасай отырып.

Ғабит Сатмағамбетовтың айтуынша, ол мәслихат отырысына асығып бара жатқан. Осы уақытта әкімдік холлында бірнеше көп балалы аналар тұрды.

- Міне, бізден тағы бір депутат қашып кетті. Мұнда келіңіз, өзін бұлай ұстауға бола ма, – деп әйелдер айқайлайды дейді депутат.

Сатмағамбетов көп балалы аналарды оған айқайламауды өтінген.

- "Идите в задницу", - деп айқайлады ол.

Депутаттың айтуынша, соңғы уақытта отырыстардан кейін оған шабуылдайтын адамдар пайда болған.

- Арандататуға мүлдем төзбеймін. Тіл тигізіп жатса тіптен. Ондай әрекетке дәл солай жауап беремін. Есі дұрыс адам табылдырықтан аттамай жатып, жала жауып, қоқан-лоқы көрсетіп, қарғыс айтып жатқандарға қалай жауап беруі керек?,- деп жазды ол.

Сатмағамбетов бұл оқиғадан соң өз ұстанымын өзгертетінін мәлімдеді.

- Мен, Ғабит Сатмағамбетов, қайырымдылық қорының иесі ретінде, көп балалы аналарға қатысты қандай да бір қайырымдылық көмекті тоқтатамын. Маған осындай қарым-қатынастан кейін, мен жасаған барлық әрекеттерден кейін, менде көмектесуге деген ықылас жоқ, - деп қосты ол.

Сатмағамбетов 2021 жылғы қаңтарда мәслихаттың жетінші шақырылымының депутаты болды. Ол Нұр-сұлтан мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және ТКШ мәселелері жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары.