×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мәжіліс сайлауы: сайлаушылары ең аз өңір аталды

23.01.2023, 15:41
Мәжіліс сайлауы: сайлаушылары ең аз өңір аталды
фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс сайлауында 12 млн-ға жуық азамат дауыс береді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Конститантин Петров мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Биылғы 1 қаңтар және былтырғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың тізімін жасайды. Оған белсенді сайлау құқығы бар азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша қосылады. Әрбір сайлау науқанында азаматтардың тұрақты тіркелген жері және дауыс бергісі келетін учаскелеріне өтінім беру мүмкіндігі ескеріле отырып, сайлаушылардың тізімі жеке түзіледі», - деді Петров ОСК отырысында.

Ол 2023 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес сайлаушылардың санын жария етті.

«Тізімге алдын ала тұрғылықты жері бойынша бөлінген 11 970 406 сайлаушы кірді. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлтыау облысында тіркелді», - деді Константин Петров.

Еске салайық, 19 қаңтарда президент Тоқаев Мәжілісті таратып, сайлау күнін белгіледі. Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалды.