×
510.18
601.91
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.18
601.91
6.51

Жыл қорытындысы: депутат Қазақстан үкіметінің жұмысына «үш» қойды

Бүгін, 14:00
Жыл қорытындысы: депутат Қазақстан үкіметінің жұмысына «үш» қойды
коллаж: Ұлысмедиа

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев 2025 жылдың қорытындысы бойынша үкіметтің жұмысын қалай бағалайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тиісті сұрақты оған Мәжіліс кулуарында журналистер қойған. Депутат министрлер кабинетінің жұмысына «3+» деген баға беретінін мәлімдеді. Баққожаевтың айтуынша, үкімет президенттің бюджет шығындарын оңтайландыру жөніндегі тапсырмасын толық орындай алмаған.

– Плюс үш. Қаражатты оңтайландыру жоқ. Премьер-министр он күн ішінде бюджет шығындарын оңтайландыру бойынша шаралар қабылдаймын деді. Енді қарайық, оңтайландырылды ма? Жоқ, әлі жоқ. Бұл мәселені өткен жолы да көтергенмін. Бір ғана «памперс» мәселесін алайық — бүкіл Қазақстан бойынша «памперс» жеткізетін бір ғана жеткізуші бар. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар маған ренжімесін, мен тек мысал ретінде айтып отырмын. Бір ғана «памперске» сегіз миллиард теңге кетеді, баға қолдан көтерілген жоқ па, артық шығындар қарастырылмаған ба? Бұл – тек бір мысал. Қалған министрліктердің бәрін тексерсе, қыруар қаржыны үнемдеуге болар еді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс сәл ақсап тұр, – деді ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін экономист Рахымбек Абдрахманов Қазақстан бюджетінің кірістері номиналды түрде өскенін, бұл өсім негізінен мемлекеттік қарыз бен инфляцияның артуы есебінен болғанын хабарлаған еді: үкімет қарызы 2023 жылғы 7,0 трлн теңгеден 2024 жылы 8,2 трлн теңгеге дейін өсті (+1,2 трлн).

Серіктес жаңалықтары