×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Өз айлығым өспейді – Ильин өрт сөндірушілердің жалақысын өсіру жайлы

24.01.2023, 13:04
фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өзіне жиі айтылатын сындарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Табиғи апаттар кезінде әкімдер жұмысын өңірлерде атқара алмай, уақтылы шара қабылдамай жатады. Артынша, төтенше жағдай кезінде сөздің бәрі сізге келеді. Тіпті отставкаңызды талап ететіндер бар. Өрт сөндірушілер де дұрыс жұмыс істемейді деген ой-пікір ел ішінде қалыптасады. Мәселені қалай реттеу керек деп ойлайсыз?» - деп сұрады журналистер.

Бұл сұраққа жауап берген министр өрт сөндірушілердің айлығы туралы бұған дейін айтылғанын атап өтті.

«Халқы 50 мыңнан астаны қалаларда мемлекеттік өрт сөндіру қызметі құрылуы керек. Ал бізде ол жетпей жатыр. Сол себепті бір жерде өрт болса, сол жаққа ұзақ марш жасауға тура келеді өрт сөндірушілерге. Әр үйдің жанынад бір өрт сөндіру бөлімінен қоя алмаймын. Мұны да түсіну керек», - дейді министр.

Оның айтуынша, өрт сөндірушілердің жұмысқа ең алғаш келген легі 110 мың теңге айлық алатын.

«Біз есептедік. Енді оларға 180 мың теңгеден беріледі. Ал министрлер, олардың орынбасарлары, комитет басшыларының айлығы өспейді. Қазіргі лауазымды айлығымызға 20 пайыз қосылады. Біз қызметкерлердің төмендегі звеносына басымдық беріп отырмыз», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары