×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Журналистерді итке теңеген Бас прокуратура қызметкері ескертумен құтылды

24.01.2023, 12:39
Журналистерді итке теңеген Бас прокуратура қызметкері ескертумен құтылды
видеодан кадр

Бұл туралы Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің бастығы Е. Айтқұловтың журналистердің арызына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Тексеріспен анықталғандай, оның іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әдеп кодексінің 8-тармағының 13-тармақшасында бекітілген қызметкер моральдық-психологиялық төзімді, ұстамды болуға, субординацияны сақтауға, әріптестерімен ізеттілік қарым-қатынаста болуға, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен зейінділік танытуға тиіс делінген талаптардың бұзылу белгілері бар.

Сонымен қатар, М.Т. Кемаловтың көп жылғы мінсіз қызметін ескеріп, оған қатысты қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттілігі туралы ескертумен шектелу жөнінде шешім қабылданды”, – делінген жауапта.

Еске салсақ, бұдан бұрын ҚР Бас прокуратураның Парламенттегі ресми өкілі Мейрамбай Кемалов БАҚ өкілдеріне айқайлап, «Кет дегенде ит те кетеді!» деп зекіген.

Тілшілерді итке теңеген шенеуніктің видеосы желіде кеңінен тарап кетті. Көп ұзамай журналистер оны жазалауды талап етіп, Бас прокуроратураға арыз жолдаған.