×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тараздағы сарбаз өлімінің жаңа фактілері: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

25.01.2023, 07:57
Тараздағы сарбаз өлімінің жаңа фактілері: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
фото: ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы шекара бекетінде суицид жасаған сарбаздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2022 жылғы тамызда «Шөлдала» шекара заставасында мерзімді қызметін өткерген Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі сарбазының қаза болуына байланысты БАҚ-тың көптеген сауалына бұл жағдайдың ҚР Қарулы Күштеріне қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Қандай да бір мәлімет алу үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз, – делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, министрлік Қазақстан Республикасы күштік құрылымдарының қатарына шақырылған ел азаматтары Қарулы Күштердің бөлімшелерінде ғана емес, Ұлттық ұланның (ІІМ), ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімшелерінде де қызмет атқаратынын атап өтті.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 19 тамызында ҰҚК Шекара қызметіне қарасты Тараз қаласындағы «Шөлдала» шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген 2004 жылғы Бекбол Мираш асылып тұрған жерінен табылған болатын. Күдікті Айбек Нұртаевтың адвокаты Сержан Пірәлиев таяуда журналистерге осы іске қатысты адам сенгісіз фактілерді жария еткен. Оның айтуынша, сот кезінде сараптама тағайындалған.

Ulysmedia.kz тілшісіне берген сұхбатында Сержан Пірәлев Бекбол Мираштың ісі жаңаша тергелуі мүмкін екенін айтты.