×
512.83
600.58
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.83
600.58
6.36

Бектенов білім мен медицинадағы алаяқтықты тексеруге бір апта уақыт берді

06.01.2026, 11:15
Бектенов білім мен медицинадағы алаяқтықты тексеруге бір апта уақыт берді
Ulysmedia.kz коллажы

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа жылдың алғашқы Үкімет отырысын Мемлекет басшысының бағдарламалық сұхбатына негізделген нақты тапсырмалардан бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Олжас Бектеновтің айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен қоғам алдына тек қол жеткізілген экономикалық нәтижелерді сақтап қалу ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді әсерге басымдық бере отырып, өсім қарқынын арттыру міндетін қойған. Бұл энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік инфрақұрылымы, инвестиция тарту, агроөнеркәсіп кешені мен туризмді қоса алғанда, барлық саланы қамтитын маңызды бағыттарға қатысты.

– Мемлекет басшысы атап өткендей, фискалдық саясатты қайта форматтау бақылауға емес, серіктестік қарым-қатынас орнатуға бағытталуы тиіс. Осылайша біз қалыптасқан теңсіздіктерді теңгеруіміз қажет, – деп Премьер-министр өзекті мәселелердің біріне арнайы тоқталды.

БІР АПТА

Сондай-ақ Олжас Бектенов Қазақстанның әділ тариф қалыптастыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға нақты бет бұрғанын еске салды.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалады. Сонымен қатар жекеменшік мектептер мен жекеменшік медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарау қажеттігіне назар аударылды. Артық қаржыландыру тоқтатылуы тиіс. Егер бизнес адал бәсекелестік жағдайында жұмыс істей алмаса, ондай бизнес бізге қажет пе? – деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр бұл салаларда алаяқтықтың кең таралғанын мойындап, оны тоқтату қажет екенін айтты. Осыған байланысты Олжас Бектенов оқу-ағарту, денсаулық сақтау және қаржы министрліктеріне бір апта ішінде аталған мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары