×
491.68
568.23
6.2
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.68
568.23
6.2

Тоқаев Трамптың шақыртуын қабыл алды

21.01.2026, 10:05
Тоқаев Трамптың шақыртуын қабыл алды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысуға барады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- 22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады, – делінген хабарламада. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша жаңадан құрылатын Бейбітшілік кеңесінің құрамына ресми түрде шақырған еді. Сонымен қатар, Қазақстанға аталған құрылымның құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болу ұсынылған болатын. 

Серіктес жаңалықтары