×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Олимпиададағы сәтсіздік: Тоғжанов үнсіз, Абаев уәдемен құтылды

22.02.2022, 12:37

Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінен кейін Ulysmedia.kz тілшісі вице-премьер Ералы Тоғжановқа және ведомство басшысы Дәурен Абаевқа қазақстандықтардың көкейіндегі негізгі сұрақты қойды.

Үкімет басшысының орынбасары Бейжің Олимпиадасында Қазақстан құрамасының бірде-бір медаль алмағаны үшін кім жауапты екенін айтудан қашқақтады. Вице-премьер жауап бермегенімен Абаев ашық айтты. 

"Менің ойымша, біз Олимпиаданың нәтижесі талқыланатын жиыннан кейін тиісті қорытынды жасайтын боламыз", – деп жауап берді министр.

Абаевтың айтуынша, аталған жиын жұма күні Бурабайда өтеді.

Бірақ министр ұлттық құрама спортшыларының сәтсіздікке ұшырау себептері туралы сөз қозғаудан бас тартты.

"Қазір туризм коллегиясының мәселесі талқыланды, бір тақырыптан екіншісіне ауысу қиын, бірақ біз жұмадағы жиыннан кейін бәріне егжей-тегжейлі жауап береміз", - деп уәде берді ведомство басшысы.

Жауапты адамдардың қайсысы отставкаға кетуі мүмкін екенін де Бурабайдағы басқосудан соң айтпақ.

Естеріңізге сала кетейік, Бейжіңдегі Қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынына бірде-бір медаль салынбады. Дүбірлі додаға ел қазынасынан 220 млн теңге бөлінді.