×
472.68
466.91
8.01
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.68
466.91
8.01

Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеді

25.02.2022, 10:02
Фото: ашық дереккөзден

Дариға Назарбаева Мәжілістегі өкілеттігінен бас тарту туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық істерімен шұғылданатынын айтты, деп хабарлайды  Zakon.kz

"Бүгін Мәжілістегі өкілеттігімнен бас тарту туралы шешім қабылдадым және қоғамдық, гуманитарлық, мәдени, қайырылымдылық істеріне ден қоймақпын. 

Мен Nur Otan партиясына дауыс берген барлық қазақстандықтарға, партияластарыма және ел басшылығына артқан сенімдері үшін алғыс айтамын", - деді Назарбаева.

Оқи отырыңыз: Билік жолында күйеуі мен ұлын жоғалтқан Дариға: Үлкен қыздың мансабы аяқталды ма?

Дариға Назарбаева қаңтар айында өткен оқиғалар жайлы да айтып, ел бірлігінсіз Қазақстанның алға баспайтынын атап өтті.

“Болған оқиғаға мұқият және объективті тергеу жүргізу қажет деп санаймын, соның нәтижесінде кінәлілер әділ жазаға тартылып, кінәсіз адамдар босатылуы керек. Біздің бәріміз, қазақстандықтар, бүкіл қоғамымыз "қаралы қаңтардан" ащы сабақ алып, мұндай жағдай ешқашан қайталанбауы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Бұл қайғылы әрі қорқынышты күндер анархияның неге әкелетінін көрсетті”, – деді ол.

Сондай-ақ, Дариға Назарбаева елдің мүддесіне қызмет етуді жалғастыра беретінін айтты. 

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Дариға Назарбаеваның өз еркімен отставкаға кетуі керектігін айтқан еді