×
502.6
589.95
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.6
589.95
6.5

Тоқаев Айнұр Серғазиеваны қызметінен босатты

Бүгін, 09:27
Тоқаев Айнұр Серғазиеваны қызметінен босатты
gov.kz

Айнұр Серғазиева мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекет басшысының өкімімен Айнұр Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Оның орнына Ұлан Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

АЙНҰР СЕРҒАЗИЕВА

Серғазиева мемлекеттік қызмет істері агенттігіне келген алғашқы күннен бастап-ақ жұртшылықтың назарын өзіне аударды. Бұған дейін ол «Зерде» ұлттық ақпараттық холдингінде басқарушы директор қызметін атқарған, онда мемлекеттік қызметті цифрландыру мәселелерімен айналысты. Ал одан бұрын Алматы энергетика және байланыс университетінде тәрбие жұмыстарының үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету секторын басқарған.

Серғазиеваның агенттікке келуі әлеуметтік желі қолданушыларын мемлекеттік қызметкерлердің кадрлық саясатына қызығушылық танытуға итермеледі. Ол үшін көп ізденудің қажеті болмады – Айнұрдың жеке өмірі Instagram-да ашық көрсетіліп келген еді. Ол демалыс орындары, сәнді киімдері мен әшекейлерінің суретін желіде бөлісіп қана қоймай, әрбір сөзін фотосуреттерімен растап отырды. Бірақ қазақстандықтар оған қызығудың орнына, оның бриллианттары мен брендті сөмкелерін қандай қаражатқа сатып алатыны туралы сұрақтар қоя бастады.

Көпшілік назарынан қашқақтаған Серғазиева ықпалды туыстары жоқ екенін және бренд заттарын жеңілдікпен сатып алатынын түсіндіруге тырысты. Артынша оның «Зерде» холдингінде жұмыс істеп жүрген кезінде басшысы Әбдірасыловпен қызметтік романы болғаны туралы әңгіме тарады. Әріптестерін оның қарапайым қабылдау бөлімінің хатшысынан бірден басқарушы лауазымға, 1 миллион теңге жалақысы бар қызметке көтерілуі таңғалдырды. Бастапқыда Әбдірасылов екеуара қарым-қатынас барын жоққа шығарған, алайда кейінірек интернетте олардың бірге түскен суреттері пайда болды.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кадрлық резервін қалай жаңғыртып жатыр

Серіктес жаңалықтары