×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Елордада жылу энергиясы қат: Тоқаев Қасымбекке жыл соңына дейін уақыт берді

31.01.2023, 15:14
фото: ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы жылу энергиясының тапшылығын шеше алмаған шенділерге шүйлікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Әкімдік 10 жылдан бері ЖЭО-3-ті пайдалануға бере алмай келеді. Жобаны жүзеге асыру мерзімі бірнеше рет кейінге шегеріліп, оның бағасы 53 млрд теңгеге қымбаттаған. Бұл мәселе 2019 жылы көтерілгенімен, нысанның дайындығы әлі 83 пайызды құрайды.
 
Соның салдарынан елорда 300 гигакалориядан асатын жылу энергиясының тапшылығынан зардап шегіп отыр. Үкімет әкімдікпен бірлесе отырып, биылғы жылдың соңына дейін ЖЭО-3 бірінші кезегін пайдалануға беруді, сондай-ақ екі газ қазандығының құрылысын аяқтауды қамтамасыз етуі тиіс. ЖЭО-3 екінші кезегінің құрылысының орындылығын, мерзімі мен қаржыландыру көздерін анықтау қажет», – деді Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында.

Серіктес жаңалықтары