×
491.68
568.23
6.2
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.68
568.23
6.2

Тоқаев жақында бекіткен жаңа қызметті депутат атқаратын болды

Бүгін, 13:19
Тоқаев жақында бекіткен жаңа қызметті депутат атқаратын болды
Коллаж: ulysmedia.kz

Депутат Снежанна Имашева жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАРЛЫҚ

Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, жақында президент Қазақстанда отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл пайда болатынын мәлімдеген еді

НЕМЕН АЙНАЛЫСАДЫ?

Президент отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл қоғамдық лауазымын енгізу адам құқықтарының қорғалуы мен отбасы институтын күшейтетініне сенімді екенін атап өткен еді. Отбасы омбудсмені Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының бірінші орынбасары ретінде қызмет етіп, атқарылған істер туралы Мемлекет басшысына есеп беріп отырады. 

Серіктес жаңалықтары