×
486.2
557.82
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.2
557.82
6

Тоқаев қол қойды: Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді

Бүгін, 14:28
Тоқаев қол қойды: Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді
Ulysmedia.kz коллажы

Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. 

- Бүгін баршаңыз тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиғаның куәсі болдыңыздар. Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойдым. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым, дейді президент. 

Енді Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді.

- Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін болдық. Еліміздің барша халқына Ата заңымыз құтты болсын дегім келеді!, – дейді Тоқаев. 

Серіктес жаңалықтары