×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Nur Otan партиясының атауы «Аманат» болып өзгереді

01.03.2022, 11:35
Фото: ашық дереккөзден

Президент – партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде партия атауын өзгертуді қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қазір бүкіл әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Жаңа құндылықтармен қатар күрделі сын-катерлер пайда болды. Осындай аумалы-төкпелі уақытта еліміз жаңа қадам басып, Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Бұл – алдағы тағдырымызды шешетін маңызды жұмыс. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсаттарды айқындап алуымыз керек», - деді Тоқаев партияның отырысында.

Оның айтуынша, ол үшін өзгерісті өзімізден бастауымыз керек. Партияның өзгеруі заңдылық. Бұл – уақыт талабы дейді ол.

«Партияның атауын Аманат деп өзгерту ұсынылды. Бірнеше ұсыныстың ішінде Аманат деген атауға тоқтадық. Бұл - киелі ұғым. Кең байтақ жеріміз, еліміз - бізге аманат. Оны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек», - деді Тоқаев.