×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

АЭС технологиясы: Былтыр қойылған сұраққа Ақшолақовтың жауабы әлі дайын емес

01.02.2023, 15:04
АЭС технологиясы: Былтыр қойылған сұраққа Ақшолақовтың жауабы әлі дайын емес
фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Болат Ақшолақов 2022 жылы Қытай, Ресей, Франция Оңтүстік Корея сияқты елдердің жеткізушілерінен тексерілген реакторлық технологиялардың қысқа тізімі жасалғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Осы жылы реакторлық технологияны таңдау бойынша жұмыс жүргізіледі. Атом электр стансасын орналастырудың оңтайлы орыны ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. 2023 жылы АЭС-ті орналастыру ауданын таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады», - деді ол.

Еске сала кетсек, Ақшолақов былтыр Қазақстан АЭС технологиясын 2022 жылдың соңына дейін айқындайтынын мәлім еткен еді.