×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Екі айлық қызын ұрған астаналық 6,5 жылға сотталды

01.02.2023, 15:34
фото: ашық дереккөзден

Астананың кәмелетке толмағандар ісі  жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2022 жылғы 21 желтоқсанда жергілікті тұрғынды 2 айлық баланы ұрғаны үшін 6,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сондай-ақ, ер адамға алкоголизмге қарсы мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Іс материалдарына сәйкес, 2022 жылғы 2 шілдеде Астана тұрғыны мас күйінде 2 айлық қызына қасақана ауыр дене жарақатын келтірген.

Алайда, іс сотталған адам мен баланың анасының шағымдары бойынша апелляциялық тәртіппен қайта қаралды, олар жазаны жеңілдетуді және ер адамды бас бостандығынан айырмауды сұрады. Оған қатысты үкім өзгеріссіз қалды.

Қыздың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген ер адамның кінәсі сотталған адамның, баланың анасының, куәгерлердің айғақтарымен, медициналық сараптаманың қорытындысымен толық дәлелденген.

"Х.-ның әрекеттері дұрыс сараланған: ерекше қатыгездікпен келтірілген дәрменсіз күйдегі кәмелетке толмаған адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру. Х.өзінің іс-әрекетімен 2 айлық баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Бала ұзақ уақыт бойы білікті медициналық көмек алмай, азап шекті. Сотталған адамға жаза істің барлық мән-жайларын ескере отырып, іс-әрекетке пропорционалды түрде тағайындалады", - деп қорытындылады сотта.

Бұрын ер адам бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде жұбайын ұрғаны үшін жазаланған.

Серіктес жаңалықтары