×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Тоқаев саяси реформалардың жаңа пакетін қашан жариялайтынын айтты

01.03.2022, 13:32
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда саяси реформалар пакетін жариялайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz. 

"Мен 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынамын. Қазір партиялар арасында бәсеке күшейе түсуде. Осы орайда біз партиямыздың басты саяси күш ретіндегі рөлін сақтауымыз қажет. Бұл өте маңызды міндет", – деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде.

Президент саяси ұйым әрдайым ел мүддесін қорғайтын, нағыз халықтық партия болып қалуы керек екенін атап өтті.

Айта кетсек, бұдан бұрын Тоқаев "Аманат" деген жаңа атауға ие болатын Nur Otan партиясының бұрынғы жұмысына баға берген болатын