×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

11,8 млрд теңге: Парламентке енетін партияларға қаржы қалай бөлінеді

02.02.2023, 12:27
фото: ашық дереккөзден

Бұл сауалға премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жуырда 2023 жылға арналған бюджетті нақтылау бойынша Парламентке барамыз. Бұл тұрғыда Орталық сайлау комиссиясының деректері аясында осы бюджетті қайта қарап, партиялар арасында бөлеміз. Заң бойынша бұл қаражатты Парламентке фракция болып енген партиялар алады», - деді министр Сенат кулуарында.

Жамаубаевтың сөзінше, тиісті әдістеме бойынша партиялар жинаған дауыс санына қарай қаржыландырылады. Мәселен, 2022 жылы шамамен 8,5 млрд теңге қарастырылған.

«Оның басым бөлігі Amanat партиясына, 1 млрд теңгеге жуығы Ақ жолға, сондай-ақ 800 млн теңге Қазақстан халық партиясына бөлінді», - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Айта кетейік, елімізде Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы 19 наурызда өтеді. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18:00-де аяқталады.

 

Серіктес жаңалықтары