×
472.68
466.91
8.01
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.68
466.91
8.01

Ұлыбритания Қазақстанға санкция салуға ниетті емес - СІМ

05.03.2022, 13:36
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбританияның Орталық және Оңтүстік Азия, Солтүстік Африка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Лорд Тарик Ахмадпен бейне-кездесу өткізді, сондай-ақ Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Личті қабылдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Тараптар дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылы ішінде қол жеткізілген өзара сенім мен кең ауқымды өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

Сондай-ақ, сұхбаттастар Украинадағы жағдайды және соғыс қимылдарын тоқтату және тараптарды бейбіт жолмен шешуге қайтару бойынша халықаралық деңгейде қабылданған қадамдарды талқылады.

«Британдық тарап Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция енгізуге ниетті емес екенін растады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын британ парламентінің депутаты Маргарет Ходж.Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғысқа байланысты Қазақстанға қарсы санкциялар қарастыруы мүмкін деп хабарлады.

«Бүгін мен Сыртқы істер министріне Украинаға қатысты екі мәселе бойынша дау айттым. Элизабет Трасс (Ұлыбританияның СІМ басшысы)  Дума мүшелеріне қатысты санкциялар бойынша жұмыс істеп жатқанын растады және Путиннің варварлық шабуылын қолдауы мүмкін Қазақстан сияқты басқа да клептократтарға санкциялар қарастыруы ықтимал», - деді Ходж.

 24 ақпанда Владимир Путин Украинада «арнайы операция» өткізілетінін жариялады. Алайда Ресей әскері Украина жеріне басып кіріп, қазір екі ел арасында соғыс болып жатыр.